15:55, 06 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Депозиттер бойынша желтоқсан айындағы сыйақы мөлшерлемесі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2024 жылдың желтоқсан айында депозиттер бойынша жеке тұлғалардың белгіленген сыйақы мөлшерлемесі бар жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін жариялады.

Аталған қордың мәліметтеріне қарағанда, толықтыру құқығымен мерзімді салымдар, оның ішінде жинақ салымдар:
- 1 айға - 14 процент;
- 6 айға - 17 процент ;
- 12 айға- 14,3 процент ;
- 24 айға - 8,2 процент ;
- 24 айдан астам - 8,9 процент.
Толықтыру құқығынсыз мерзімді салымдар, оның ішінде жинақ салымдар:
- 1 айға - 15,4 процент;
- 6 айға - 18,7 процент;
- 12 айға - 16,6 процент;
- 24 айға- 13,5 процент;
- 24 айдан астам - 11,5 процент.
Еске салсақ, 26 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.