Депозиттерге салық салынбайды - министр

Депозиттерге салық салынбайтын болды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Kazinform

Ұлттық экономика министрі
Фото: primeminister.kz

«Ол идеядан бас тарттық. Депозиттердің бәріне салық салынбайды», - деді ол Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін.

Бұған дейін Мәжілісте депозиттерге салық салу туралы мәселе қаралған болатын.

«Жыл сайын 40-50 млн теңгеден астам табыс табатын жеке тұлғаларға жеке табыс салығын прогрессивті шкаламен салу туралы ұсыныс қаралып жатыр. Сондай-ақ, пассивті табысы барларға, яғни, депозиттер мен құнды қағаздар инвестициясына прогрессивті салық салынуы мүмкін», - деген еді ол бұған дейін.

Соңғы жаңалықтар