13:48, 27 Қазан 2023 | GMT +5
Депозиттерге салық салынбайды - министр
Депозиттерге салық салынбайтын болды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Kazinform.
«Ол идеядан бас тарттық. Депозиттердің бәріне салық салынбайды», - деді ол Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін.
Бұған дейін Мәжілісте депозиттерге салық салу туралы мәселе қаралған болатын.
«Жыл сайын 40-50 млн теңгеден астам табыс табатын жеке тұлғаларға жеке табыс салығын прогрессивті шкаламен салу туралы ұсыныс қаралып жатыр. Сондай-ақ, пассивті табысы барларға, яғни, депозиттер мен құнды қағаздар инвестициясына прогрессивті салық салынуы мүмкін», - деген еді ол бұған дейін.