Депутат әріптестеріне көз жасаурататын газ шашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның басқарушы партиясының, яғни ұлттық конгресінің мүшесі ел парламентінде өзінің әріптестеріне бұрышты газды шашыратты.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, бірнеше парламент мүшесі ауруханаға жеткізілген. Үндістандық телеарналардан ғимараттан жөтеліп, тұншығып шығып жатқан, сондай-ақ көздерінің жасын сүртіп отырған депутаттарды көрсеткен.
Газ шашқан депутат оңтүстік Андхра-Прадеш штатын бөліп, жаңа штат құру бойынша даулы жоспарға қарсы шығып отырған көрінеді.