Депутат Б.Смағұлды шекара мәселесі алаңдатады

АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Біз шекара мәселесі бойынша біраз мәлімет жинап келдік. Бұл туралы бүгін V рет сайланған Парламенттің екінші сессиясының ашылуы аясында журналистерге сұхбат депутат Бақытбек Смағұл осылай айтты.

Депутат Б.Смағұлды шекара мәселесі алаңдатады

«Демалыс кезінде біз жергелікті жерге барып, халықпен сан алуан кездесулер өткіздік. Емін-еркін, ашық сөйлестік. Көптеген мәселелерді талқыға салдық. Оның ішінде шекара мәселесі де бар. Ол біздің елдігіміздің, теңдігіміз бен ертеңіміздің кепілі ғой. Сол мәселе бойынша біз біраз мәлімет жинап, алдағы сессия кезінде көтеретін боламыз. Оның бәрі мемлекеттік деңгейде өз шешімін табады деп сенемін», - дейді Б.Смағұл.