10:26, 23 Маусым 2016 | GMT +5
Депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайланды.

«Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттер мен комиссиялары туралы» ҚР Заңының 14 бабының негізінде берілген өтінішке сәйкес, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына депутат Бақтықожа Ізмұхамбетовті сайлауды сұраймын», - деді баяндама жасаған аталған комитеттің төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Дауыс беру барысында қаулы жобасы қабылданып, депутат Б. Ізмұхамбетов комитет құрамына бекітілді.