20:00, 28 Шілде 2024 | GMT +5
Депутат Дәулет Мұқаевтың анасы қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM – Халық қалаулысы, ел арасында «Дәулеттен» атымен танылған депутаттың анасы өмірден өтті. Жайсыз хабарды біздің агенттікке Мәжілістің баспасөз қызметі растады.

«28 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевтың анасы Күлпәш Кәкімсейітқызы қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Халық қалаулысы анасының жаназасы 30 шілде күні таңғы сағат 10:00-де өтеді.