Депутат Ертаев генерал Мұxтаровқа: Сізге қару-жарақ саудасы туралы айтуға болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР Қорғаныс вице-министрі Талғат Мұxтаров «Қару-жарақ саудасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды. Төменгі палата аталған құжатты қолдады. Алайда депутат Бақытжан Ертаев генерал Мұxтаровқа ескерту жасады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат Ертаев генерал Мұxтаровқа: Сізге қару-жарақ саудасы туралы айтуға болмайды

«Талғат Сәбитұлы, Мемлекет басшысы, Жоғары Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев сіздерді қару-жарақ саудасынан алыстатты. Ол жайында айтуға да рұқсат жоқ. Әскери адам өзінің қасиетті борышы - Отанды қорғаумен айналысуы қажет. Соған кәсіби тұрғыда дайын болу қажет. Ал басқа мәселелер үшін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылған болатын. Неге біз «погонды» тағып алып, қару-жарақ саудасы туралы баяндап тұрмыз. Негізі, дәл қазір мінберде сіз емес, генерал мырза, басқа министрліктің өкілдері тұруы тиіс», - деді депутат Ертаев.

Вице-министр Мұxтаров аталған ескертудің орынды екенін жеткізді. «Аталған мәселе бұрыннан бері қорғаныс министрлігінің жұмыс жоспарында болған. Сол себепті бізге баяндауға тура келіп отыр», - деп атап көрсетті Мұxтаров.

Айта кетейік, отырыс барысында депутат Аманжан Жамалов ҚР Ұлттық төрағасы Данияр Ақышевтің атына сауал жолдап, блокчейн мен криптовалюталар бойынша ведомствоаралық комиссияны құруды ұсынды.