Депутат: Қазақстанда мектеп оқулықтары қымбаттап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мектеп оқулықтары қымбаттап жатыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған сауалында депутат Ирина Смирнова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутат: Қазақстанда мектеп оқулықтары қымбаттап жатыр

«2016 жылы оқу, анықтамалық, мектеп әдебиеттері сатып алушыға шамамен бір данасына 1 000 теңгені құрады. Бір жылдың ішінде осы әдебиеттер 20 пайызға, ал Оралда 52 пайызға өскені байқалуда. Жаңа оқу жылы мектеп кітаптары мен оқу әдебиеттері құны бойынша рекорд орнатуы мүмкін»,-деп тоқталды Смирнова.

Осы орайда ол 2 сыныптың кейбір оқулықтары бағасын мысалға келтірді.  «Музыка» пәнінің оқулығы 1 мың теңге, «Нота хрестоматиясы» -2 мың, музыка бойынша жұмыс дәптері 350 теңге тұрады. Жалпы осы жиынтық 3 350 теңгеге тең келіп отыр.  «Орыс тілі және әдебиеті» -3 900 теңгеге, жұмыс дәптері -1 000 теңгеге бағаланып, жалпы 4 900 теңгені құрады.  Бұдан бөлек, «Математика» - 3 400 теңге, жұмыс дәптері - 1 000 теңгені қамтып, жинақтық жалпы құны 4 400 теңгеге жетті.

Депутаттың пайымынша, баспаның прайс-парақшасында көрсетілген бағаға қарағанда, бөлшек баға жоғары болады.

Сөз соңында ол оқулықтарды басып шығару мен бағаны қалыптастыру үдерісін барынша ашық әрі түсінікті ету қажеттігін атап өтті.