Депутат KazSat спутниктерінен Airbus жерсерігіне көшуді ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков вице-премьер Роман Склярдың атына KazSat-2 және KazSat-3 спутниктерінің ахуалы туралы депутаттық сауал жолдады.

Kazsat/Казсат
Фото: Kazinform

— KazSat-2 және KazSat-3 спутниктерінің қызмет ету мерзімінің жақындап келе жатқанын ескерсек, Қазақстанның алдында ғарыш инфрақұрылымын жаңғырту, атап айтқанда, спутниктерді ауыстыру міндеті тұр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жаңа спутниктік интернетті тарату мүмкіндігін болдырмай, тек телерадио хабарларын және ұялы байланыстарды тарату функцияларымен ғана жабдықтауды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Министрлік тәсілдің өзгеруін жобаның төмен құнымен негіздейді, — деген депутат кейбір шетелдік спутниктер теледидар, интернет және ұялы байланыс сигналдарын қатар таратуға қабілетті екенін айтады.

Оның сөзінше, ескірген технологияларды таңдау ұзақ мерзімді шығындардың өсуіне әкелуі мүмкін.

— Мысалы, өткізу қабілеті жоғары және икемді спутниктерді ұсынатын Airbus және Thales Alenia Space сияқты компаниялардың ұсыныстары ескеруге тұрарлық. Оның үстіне қазіргі «KazSat-2» және «KazSat-3» спутниктері итальяндық Thales Alenia Space компаниясымен бірлесіп құрастылған. Осылайша, еуропалық спутниктер құны мен өнімділігі арасындағы оңтайлы теңгерімді ұсына алады. Ескірген технологияларды таңдау ұзақ мерзімді шығындардың өсуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты техникалық және коммерциялық ұсыныстарды бағалау процесіне интернетті тарату функциясының енгізу ұсынылады, — деді ол.

Бұған дейін Kazsat пен Oneweb спутниктері Starlink-ті алмастыруы мүмкін деген мәлімет тараған еді. 

Соңғы жаңалықтар