Депутат кемеде қызмет ететін ұлттық мамандардың қатарын көбейту туралы мәселе қозғады

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - «Ұлттық кадрлар мәселесі қай елдің болмасын негізгі мемлекеттік мәселелерінің бірі екендігі белгілі.
None
None
Ол жөнінде Президентіміз Н.Назарбаев шетелдік инвесторлар Кеңесінде және басқа да жиындарда ұдайы айтып келеді». Бұл пікірді депутат Зейнолла Алшымбаев ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке жолдаған сауалында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Депутат қазақстандық теңіз мамандары, яғни, кеме басқаратын ұлттық кадрлар жағдайы ? 2005 жылы маусымда қабылданған «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» заңға енгізілген өзгерістер кезінде ерекше ескерілгенін айтты. Заңға енгізілген сол өзгерістерде ұлттық кадрларды даярлау мерзімі бес жыл деп белгіленген. Яғни, осы мерзімнен кейін біздің кемелерімізді басқарып жүрген шетелдік мамандардың орнына ұлттық кадрлар келуі тиіс. Каспий теңізінде мұнай тасымалдайтын танкерлерімізді қоса есептегенде және теңіздегі мұнай операцияларын, оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сауда т.б. бағыттарды қамтитын 214 үлкенді-кішілі кемелер пайдаланылуда. Олардың 97-сі Қазақстанның туын көтерген, 117-сі бербоут-чартер тәртібімен қызмет етіп жатыр, және олардың саны жыл сайын өсуде. Әсіресе, Каспий теңізінің Солтүстік бөлігінде, мұнай өндіруші компанияларда өндіріске теңіз кемелері көптеп тартылып жатқанын айта кеткен жөн.Бүгінде жоғарыда аталған заң белгілеген мерзімінің жартысынан астамы өтті. Каспий теңізінде жұмыс жасайтын кемелердегі біздің азаматтарымыздың үлестік салмағы қандай екендігі туралы ақпарат көпшілікке беймәлім. Осыған орай депутат Үкімет басшысына бірнеше сұрақтар қойды.«Қазіргі таңда кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшісі, көмекшісі, алысқа жүзуші штурман, штурман, аға механик, байланысшы секілді мамандықтарда жасайтын Қазақстан азаматтарының үлестік салмағы қандай? Теңіз мамандарының, әсіресе, кеме басқаратын ұлттық кадрларымызды қалыптастыруға шетелдік кеме иеленушілер қаншалықты үлес қосып отыр, осы мәселеге байланысты олардың тарапынан қандай шаралар іске асып жатыр? Қазақстанда дайындалған теңіз мамандарының Халықаралық Теңіз Регисторында мойындалуы ескеріле ме? Біздің теңіздегі ұлттық кадрларымыз қалыптасты деп айта аламыз ба? Мәселенің маңыздылығын ескере отырып, Сіздің қарауыңызға жолдап отырмын, жауабын қолданыстағы заңнамаға сәйкес беруіңізді сұраймын», - деді депутат З.Алшымбаев.
Соңғы жаңалықтар