Депутат М.Тінікеев зиянды өндірістерде істейтін жұмысшылар үшін зейнеттік ануитетті енгізуді ұсынды

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын қарау барысында депутат Мұхтар Тінікеев зейнеттік ануитет сынды тетіктің қажеттігіне назар аудартты.
None
None

«Менің ойымша, аталмыш заң жобасында зиянды өндірістерде, мысалға, 15 жылдан кем емес еңбек өтілі бар жұмыскерлер үшін зейнеттік ануитетті сатып алу арқылы зейнетке 50-55 жасында шығу мүмкіндігін ескерген жөн. Және бұл ануитетті сатып алуды жұмыс беруші іске асыруы тиіс!», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар