Депутат мұнай өңдейтін шағын зауыттардың жұмысына тыйым салу қажет деп санайды

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Еліміздегі мұнай өңдейтін шағын зауыттардың жұмысына тыйым салу қажет. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Оңалсын Жұмабеков осылай мәлім етті.
None
None

Депутаттың айтуынша, Қазақстанның ішкі нарығында жанар-жағармай тапшылығы 90-шы жылдардың басында-ақ байқалды. Сондықтан Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласының жанынан 4-ші мұнай өңдеу зауытын салу жөнінде дайындық жұмыстары жүргізілген. Бұл ретте депутат сол кездегі белгілі қиыншылықтарға байланысты мұнай өңдеу зауытының құрылысы басталмағанын, мұнай өңдеу саласы бойынша  дамыған елдерден кейін қалу одан әрі жалғаса бергенін  және ол шешілмейтін проблемаға айналғанын алға тартады.  

«Еуроодақ 2000 жылдардың өзінде ЕУРО-3 автокөліктегі экология бағдарламасына байланысты бензинге және дизель отынына қатаң ерекшелік талаптарын енгізді, ал, 2005 жылы ЕУРО-4 бағдарламасы бойынша қатаң нормаларға көшсе, 2009 жылы ЕУРО-5 бағдарламасы бойынша тіпті одан да қатаң талаптарға көшті. Ал біздің елімізде тек 2016 жылы ғана Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыттарын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі жұмыстар нәтижесінде ЕУРО-3,  ЕУРО-4 және ЕУРО-5 стандарттарына сәйкес келетін өнім алу күтілуде. Бірақ қолда бар барлық жеңіл автокөліктер паркі қазірдің өзінде жоғары октанды бензинді пайдалануды қажет етуде, өйтпесе олар мерзімінен бұрын істен шығатын болады. Жанар-жағармай тапшылығы мұнай өңдейтін шағын зауыттардың пайда болуына әкеп соқты. Мұндай шағын зауыттардың жұмысына тыйым салу керек деп есептеймін. Біріншіден, шағын зауыт дегеніңіз бейберекетсіздік; екіншіден, ол мұнайдың ұрлануына себеп болады; үшіншіден, ол сапасы нашар бензин шығаруға және оны теріс пайдалануға жағдай жасайды», - деді О. Жұмабеков.

Соңғы жаңалықтар