Депутат мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы жағдайға байланысты мәселе көтерді

АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің кеше, бейсенбі күні өткен жалпы отырысында депутат Бауыржан Смаилов ҚР Премьер-Министрі  Кәрім Мәсімовтің атына сауал жолдап, мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы жағдайға байланысты мәселе көтерді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда еліміздің солтүстік өңірлері егін жинауға кірісті. Ішкі нарықта егін науқанына аса қажетті «Аи-80» маркалы жанармай еркін саудада болмай отыр. Мұндай маркалы бензин тек жанармай құю стансыларында талон арқылы аз мөлшерде сатылуда. Бұл жағдай ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге үлкен қиындықтар туғызып отыр. Осы өзекті мәселені шешудің бір жолы мұнай өндіруші компаниялардың операторлары арқылы егін себу және егін жинау науқандарын жүзеге асыру үшін арнайы жеңілдікпен жанармай бөлуі қажет деп есептеймін»,  деді  Б.Смаилов.

Депутат ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге Үкімет тарапынан тікелей қолдау жасалса, күрделі мәселенің оң шешімін табатынына сенетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар