Депутат Н. Сабильянов темекінің экспорттық акцизін алып тастауға қарсылық білдірді

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Темекі мен шарап материалдарының акцизін төмендетуге ешқандай болмайды, қайта көтере түсу керек.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында депутат Нұртай Сабильянов осылай мәлім етті.  

Тоқтала кететін жайт, аталған заң жобасы бойынша шарап материалдарына акциз ставкасын 20 теңгеден 0-теңгеге дейін түсіру көзделген болатын. «Мұның себебі не? Біздің шарап шығаратын кәсіпорындар бәсекеге қабілетті емес пе? Керісінше, бұны азайтпай, көбейту керек еді. Соған қоса, елімізде шығарылған темекі бұйымдарына акцизді салықтан босатуды қарастырылған. Бұл нағыз сұмдық. Біз керісінше, акцизді көтеруді талап етудеміз. Бұл бір жағынан бюджетке қаржы түсірсе, екінші жағынан азаматтарымыздың денсаулығын ойлаймыз. Алайда қандай да бір мүдделі топтар елімізде шығарылған темекі бұйымдарының экспортына акцизді алып тастауды енгізіпті. Бұл дұрыс емес», - деді депутат Нұртай Сабильянов.

«Шарап акцизіне келсек, бізге келетін шараптарға қарағанда импортпен келетіндер арзан, өйткені оларда акциз төмен. Сонымен қатар, ДСҰ табалдырығында тұрып біз де осыны үйлестіруден өткізуміз керек. Бұнда әдейі жасалып жатқан ештеңе жоқ. ДСҰ аясында шарап материалдарына барлық елдер акцизі 0 теңге.  Ал темекіге келсек, біз еліміздің ішкі нарығына сатуға түсетін темекі акцизін артыруды мен екі қолымды көтеріп тұрып қолдаймын. Мұнда мәселе темекінің экспорттық өнімдеріне қатысты болып отыр», - деп жауап берді Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев.

Алайда бұған депутат Н. Сабильянов келіспеді.  «Бізге сонда басқа халықтар жау ма?! Неге біз басқа халықтарды арзан темекімен улауымыз керек. Мен еліміздегі осы екі комбинатты жауып тастаса да экономикаға шығын келеді деп санамаймын!», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар