Депутат Павел Казанцев Президенттің сұхбатын шағын Жолдауға теңеді

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатын шағын Жолдауға теңеді, деп хабарлайды Kazinform.

Депутат Мажилиса Павел Казанцев
Фото: parlam.kz

«Бұл сұхбат бір жағынан жылды қорытындылады. Екінші жағынан елдің келешек бағдарын айқындаған сұхбат болды. Негізі бұл материал шағын бір аралық Жолдау сияқты. Қандай шаруа атқарылғаны, болашақта не істелетіні айтылған», — деді Павел Казанцев.

Оның пайымынша сұхбатта айтылған ұстанымдар елдің энергетика саласындағы саясаттың қалай өрбитінін айқындай түскен.

«Энергетика — ең маңызды саланың бірі. Өйткені қазір біз электр қуатының тапшылығына тап келіп отырмыз», — дейді депутат.

Мәжіліс өкілі қосарлаған билік туралы алыпқашпа әңгімелерге де осы сұхбатта нүкте қойылғанын айтады.

«Президент елде қосарланған билік болғанын осы жолы бірінші рет айтты-ау деймін. Бұл белгілі бір дәрежеде Қаңтар оқиғасына да түрткі болғаны айтылды. Өзінің бір мерзімге ғана сайланғанын, оны біз — депутаттар әрі қарай бекіте түсетінімізді тағы да қадап айтты. Конституция осындай жүйеге негізделіп толыққанын да атап өтті», — дейді Павел Казанцев.