Депутат С. Әйімбетов статистика саласында кадрларға қатысты ғылыми-зерттеу институтын құруды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Статистика саласында кадрлардың біліктігін арттыру және қайта даярлау ғылыми-зерттеу институтын құру керек. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында қосымша депутат Сейітсұлтан Әйімбетов осылай мәлім етті. Еске салайық, Үкімет сағатында ҚР Статистика агенттігінің былтырғы жылғы жұмыс қорытындылары талқыланған болатын.
«БҰҰ статистикалық комиссиясының бірыңғай әдістемелік ұсынымымен, Статистика агенттігі халықаралық сауданың статистикасын қолдану және кәсіпкерлік субъектілермен халықты объективті, анық статистикалық ақпаратпен қамту үшін сауданы есепке алудың ортақ жүйесін пайдалану керек. Бұл мақсатта Кеден одағының статистика органдарымен өзара жұмысты жандандыру қажет. Алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына еліміздің енуіне байланысты агенттік басқа елдердің статистика органдарымен жұмысты белсенді ете түсуі керек», - деді С. Әйімбетов. Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаты статистика саласында кадрлық әлеует мәселесін жүйелі түрде кешенді шешу үшін кадрлардың біліктігін арттыру және қайта даярлау ғылыми-зерттеу инсититутын құру қажеттігін атап өтті. «Бұл институт халықаралық талаптарға сәйкес, статистика мамандарына қатысты саламен айналысар еді. Қазіргі заманда жақсы құрал мен әдістеме болмаса, сапалы әрі анық деректерді ала алмаймыз», - деді С. Әйімбетов.