Депутат сауалына атүсті қарайтын Үкімет мүшелерінен Мәжіліс залында жауап алынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Депутаттардың жолдаған сауалына атүсті қарайтын Үкімет мүшелерінен Мәжіліс залында жауап алынады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір депутаттық сауалдар туралы айтылды. Сапасыз, атүсті жауап беретін Үкімет мүшелерін болашақта Мәжіліс залына шақырып, осы жерде ауызша жауап алуымызға болады. Оған регламент бойынша да, «Парламент және оның мәртебесі туралы» заң бойынша да құқығымыз бар. Сондықтан депутаттардың сауалына жауап толық, сапалы, нәтижелі әрі нақты берілуі қажет. Сіздерден сондай жұмыс күтеміз», - деді Ерлан Қошанов бүгін Мәжілісте 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берген Үкімет мүшелеріне.


Соңғы жаңалықтар
telegram