Депутаттар Астанадағы жалпықалалық сенбілікте 150 түп тал отырғызды
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада үш саяси партияның Мәжілістегі фракциялары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттары барлығы 150 терек, үйеңкі, шілік ағаштарын отырғызды.
«Тек заң шығарумен ғана айналысып қоймай, еліміздің бас қаласы - Елорданы тазалау мен көркейту де біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі дейді», - мәжілісмендер.
Естеріңізге сала кетейік, бұл шара бүгін өткен жалпықалалық сенбілік аясында ұйымдастырылып отыр. Сенбілікке 300-ге жуық Мәжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлері қатысты.