Депутаттар елорда дамуына тек заң қабылдаумен ғана үлес қоспайды - Мәжіліс депутаты М.Әбенов
АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Депутаттар елорданың дамуына заң шығармашылығы бойынша ғана үлес қоспайды.
Біздің әрқайсымыз бас қаланың дамуы үшін үлкен жанашырлық білдіргіміз келеді. Бүгін Парламент депутаттары мен қос палата аппаратының қызметкерлері де қатысқан жалпықалалық сенбілікте Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осылай мәлім етті.
«Біздің барлығымыз бас қаламыз-астананың гүлденгенін қалаймыз, және осы үшін тек қана заңдарды немесе қандай да бір шешімдерді қабылдап қана үлес қоспаймыз. Көктемде елорданың көгалдана түсуі үшін, қала көркін одан сайын жақсарта түсуі үшін ағаштар отырғызамыз. Бұл елордадағы шаң-тозаңның азайып, ауасының тазара түсуіне септігін тигізеді. Тіпті, кейіндері осы ағаштарға қарап, өткен уақытты еске алатын да болармыз», деді М. Әбенов.
Естеріңізге сала кетейік, дәстүрлі сенбіліктер бойынша, парламентшілер Астана келбетін айшықтай түсетін жаңа саябақтарды қалыптастырып, көшеттер отырғызады. Бүгін, атап айтқанда, «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығының аумағы депутаттардың отырғызған терек пен үйеңкінің көшеттері арқасында жасыл аллеямен толықты.