13:09, 22 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Депутаттар «Еріктілер қызметі» туралы заңды қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары бүгінгі жалпы отырыста «Еріктілер қызметі туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет төрағасы Гүлнәр Иксанованың хабарлауынша, заң жобасы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып әзірленген. Заң жобасын Парламент Мәжілісінің депутаттары дайындаған. Г.Иксанованың айтуынша, дамыған елдерде еріктілердің қызметі бір жүйеге топтастырылса, тағы бірқатар елдерде еріктілердің қызметін бақылайтын заң да бар екен.
Мәжіліс депутаты өз баяндамасында мәлім еткендей, заң жобасы Қазақстандағы еріктілер ұйымының принциптерін, міндеттерін, жұмыс істеу формаларын анықтап бермек.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда 100-ден астам еріктілер ұйымы бар.