Депутаттар қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесін талқылайды

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Ертең, 28 наурызда Парламент Мәжілісінде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Комитет төрайымы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өтетін жиын барысында депутаттар қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесін талқылайтын болады.

Депутаттар қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесін талқылайды

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәжіліс депутаттары алдында аталған мәселе бойынша екі вице-министрдің баяндамасы күтіледі. Атап айтқанда, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев пен Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов баяндама жасайтыны жоспарланған.

Бұдан бөлек, мәселені талқылауға Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары мен бірқатар республикалық ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысатыны қарастырылған.