Депутаттар Қоғамдық келісім кеңесінің форумына қатысушылармен жүздесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы Қоғамдық келісім кеңесінің форумына қатысушылармен кездесті. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарлады. Республиканың барлық аймақтарынан келген меймандар алдында Мәжіліс төрағасының орынбасары Абай Тасболатов сөз сөйлеп, ол палатаның «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша жасалған заң шығару жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар вице-спикер Қоғамдық келісім кеңестерінің Қазақстанның көпұлтты қоғамдық өмірінде алып отырған орнын атап өтті.
None
None

Бұдан бөлек, аталған мәселе бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов депутаттық топтың Қоғамдық келісім кеңестерімен өзара байланыстарына тоқталды. Ал, Мәжіліс депутаты Егор Каппель парламент қабырғасында депутаттық топтың атқарып жатқан істерінен хабардар етті.

«Президент Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеяларының маңызы жайында Мәжіліс депутаты Виктор Киянский айтып берді. Жүздесуден соң қонақтар Мәжілістің отырыс залымен, Палаталардың бірлескен отырыс залымен танысты. Еске салайық, Мәжілістегі депутаттық топқа Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған тоғыз депутат кіреді. Олар: Жұматай Әлиев, Мұрат Ахмадиев, Егор Капель, Роман Ким, Ахмет Мурадов, Надежда Нестерова, Зухра Саяпова, Юрий Тимощенко және Розақұл Халмурадов», делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар