Депутаттар көмекке шын мұқтаж студенттерге қол ұшын созу қажеттігін айтты - Астана

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы мәслихатының депутаттары ЖОО аралады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Депутаттар көмекке шын мұқтаж студенттерге қол ұшын созу қажеттігін айтты - Астана

«Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз етудің және оларды елорданың қоғамдық өміріне қатыстырудың жай-күйі мен шаралары туралы» мәселе қалалық маслихаттың алдағы сессиясының талқылауына шығарылды. Халық қалаулылары студент жастарының оқу шарттарымен және мекендеу жағдайымен танысу үшін елорданың жоғарғы оқу орындарына баруға шешім қабылдады», - делінген Астана қаласы мәслихатының сайтында жарияланған ақпаратта. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - бірінші келер объектісі болды. «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет» АҚ төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Ақылбек Күрішбаев жоғарғы оқу орны студенттерімен кездесуді аша отырып, қазіргі заманғы университеттің жағдайын, мамандарды дайындау деңгейін, материалдық-техникалық базасын, жоғарғы оқу орнының әлеуметтік саясатын айтып берді. Содан кейін халық қалаулылары мемлекет саясатына, елімізде шағын және орта бизнестің дамуына, әсіресе депутаттардың қызметіне қатысты студенттердің сұрақтарына жауап берді. Қалалық мәслихат хатшысы Сансызбай Есілов өз сөзінде студенттердің назарын ең маңызды құндылық және адамның рухани дамуының ажырамас бөлігі ретінде патриотизм мәселелеріне аударды. Ол патриотизм қоғамға, туған қаласына, мемлекетіне пайдалы болуы ниетіне негізделетінін атап өтті. Қоғамдық көлік немесе студенттерге арналған билеттер бойынша тегін жүру мүмкіндігі туралы үшінші курс студенті Абай Имановтың сұрағына Сансызбай Сейітжанұлы мәселенің ерекше бақылауға алынғанын айтты. Депутаттар осындай көмекке шын мұқтаж студенттерге қол ұшын созу үшін атаулы көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Депутаттар Биотехнология ғылыми-зерттеу институтының негізгі қызметінің бағыттарымен және жаңа сұрыптар мен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің будандарын алуға бағытталған клеткалық инженерия саласындағы ұзақ мерзімді жоспарлармен, молекулалық биологиямен және нанотехнологиямен танысты. Депутаттар техникалық факультеттің асханасында, жаңа ғимаратта, емханада болып, студенттердің оқу және тұрмыс жағдайларын көріп, ЖОО-ның техникалық жабдықталуына, студенттерді әлеуметтік қолдауға бағытталған саясатына қанағаттанарлық баға берді. ЖОО аралауға қалалық басқармалардың басшылары, «Жас Отан» жастар қанаты, «ZhasStar жастар саясаты орталығы», бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.