Депутаттар қызылордалықтарға Елбасының әлеуметтік бастамаларын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттарының қызылордалықтармен кездесуінде Мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жайы талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар қызылордалықтарға Елбасының әлеуметтік бастамаларын түсіндірді

Қызылорда облысының, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары, қоғам белсенділері  және ұстаздар қауымымен жүздесуде ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары В. Божко Елбасының батыл саяси қадамдарының жемісі туралы және әлеуметтік бастамалардың халықтың мұқтажына бағытталып отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Н. Жұмаділдаева ұстаз мәртебесінің артуы білім саласына оң серпіліс беріп, білім гранттары санының өсіп, студенттерді жатақханамен қамту мәселесінің заңнамалық негізін, оның ішінде Парламент Мәжілісінде Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заң жобасының жасақталуы туралы тоқталды.
null 

Сонымен қатар, шара барысында Мәжіліс депутаттары Б. Кесебаева, А. Ералиев, К. Абсатиров  салық саласындағы өзгерістер, кәсіпкерлерге қолдау мен халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.
null 

Депутаттардың өңірдегі сапары барысында Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Мәжіліс депутаттарының облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерімен кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов, облыстық ассамблеяның, облыстық ҚХА ғылыми сарапшылық тобының және  жастар қанатының мүшелері қатысты.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Қазақстан орыс, славян, казак ұйымдары ассоциациясы» ЗТБ төрағасы В. Божко, Мәжіліс депутаттары Н. Жұмаділдаева, Б. Кесебаева, А. Ералиев және К. Абсатиров, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің жетекшісі Г. Щербакова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Жастар қанатының мүшесі C. Пак, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшесі, саяси ғылымдарының кандидаты М. Насимов сөз сөйледі.
null 

Н. Божко елдегі саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықтың елдің тұрақты дамуындағы рөлін атап өтсе, Н. Жұмаділдаева білім саласындағы тың өзгерістер жайлы сөз қозғап, Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасынын» жүзеге асыру алғышарттарын нақтылады.

Шара соңында Мәжіліс депутаттары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жиналған қауымның ұсыныстарын зерделеп, оларды жүзеге асыру бойынша жұмыс атқаратындықтарын жеткізді.