«Депутаттар Мәжілісті тарату туралы үндеу жариялады» - республикалық басылымдарға шолу

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 11 қараша, жұма күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

Өткен қазан айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Уақыт талабына сай әзірленген мұндай заң қабылдау білім беру жүйесін одан әрі жетілдіріп, оқу сапасын арттыруға азаматтарымыздың келер күнге деген сенімін бекітіп, қызығушылығын жетілдіріп, аталған саланың әлемдік білім кеңіс­тігінен өз орнын алуына мүмкіндік береді. Бұл орайда «Егемен Қазақстан» газеті осындай ауқымды жұмыс­тардың жолашары болатын құжаттың айнадай нақтыланған тұстарын білу мақса­тында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловты әңгімеге тартқан. Сұхбат «Уақытпен үндес құжат» деген тақырыппен берілген.

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, кеше Парламент Сенатында палата Төрағасы Қайрат Мә­мидің төрағалық етуімен кезекті отырыс болды. Күн тәртібіне сәйкес, депутаттар бірқатар халықаралық келісімдер мен шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларын қарап, қабылдады. Олардың қатарында Қазақ­стан мен Сербия арасындағы Еркін сауда туралы үкіметаралық, Қазақстан мен Азия Даму банкі арасындағы қарыз туралы, Еура­зиялық экономикалық қоғамдас­тықта агроөнеркәсіптік кешен­дер­де пайдаланылатын ауыл­ша­руа­шылық техникасының, ма­ши­налардың, механизмдердің, жаб­дықтар мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы Мәжіліс мақұлдаған келісімдер бар.

***

Астана саяси оқиғалардың ғана емес, өнер мен мәдениеттің де ордасына айналып үлгергенін бұқара жұрт айтып жүр. Енді бірер жылдан кейін елордамыз өндіріс ошақтарының орталығына айналса, таңғалмайтын боламыз. Өйткен «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аумағындағы Индустриалдық парктің жұмысы қызатын күн жақын. Мәселен, алдағы желтоқсанда бір ғана Астананың өзінде бес бірдей жобаның тұсауы кесілмек. Бұл жайында егжей-тегжейлі білгіңіз келсе, «Айқын» газетінің бүгінгі санындағы «Қазақстанда жасалған вагондар жаңа жылда жолға шығады» деген тақырыптағы мақалаға көз жүгіртіңіз.

«Бүкіл Еуразиялық кеңістікте халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру қажет. Қазақстан Көшбасшысы кеше Астанада «Қазақстанның көлік күндері» аясында өткен «ТрансЕуразия - 2011» 8-ші халықаралық конференцияның қатысушыларына жолдаған үндеуінде осыны мәлімдеді», - деп жазады «Айқын» газеті бүгінгі санындағы «Ұлы Жібек жолы» қайта түлейді» деген мақаласында. Басылымның атап өтуінше, Елбасы «сенімді көлік «күретамырларын» құрудың» «Азия мен Еуропа мемлекеттерінің көліктік саясатының шешуші басымдығы» болып табылатындығын нықтай түскен.

***

«Парламент Мәжілісі мерзімінен бұрын тарайды екен» деген гу-гу әңгіме расқа айналғандай. Газетіміздің өткен санында депутаттар «Парламентті қалай таратсақ» деп бас қатырып жатқанын түртіп өткен едік. Кеше бұл мәселенің шешімі табылған секілді», - деп жазады «Алаш айнасы» газеті. Басылымның атап өтуінше, кеше Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов пен Виктор Рогалев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының алдын ала сайлауын өткізу туралы ұсыныс жөнінде үндеу жариялады. Екі депутаттың алдын ала сайлау өткізуге себеп болған алты дәйегін білгіңіз келсе, басылымның бүгінгі санындағы «Депутаттар Мәжілісті тарату туралы үндеу жариялады» деген тақырыпқа назар салыңыз.

«Үйінен шығып кетіп, оралмады...». Бүгінде мұндай хабарландыруларды кез келген көшеден кезтестіруге болады. ести-ести құлақ сарсып, етіміз өліп кеткен. Селт етпейміз. Ішкі істер органдары осындай құлаққағыс жасағанымен, кейін ол аамдардың табылған-табылмағанынан хабардар етпейді де. Міне осы мәселе көтерілген мақала «Алаш айнасы» газетінің жұма күнгі санында «Құлдың құны қанша?» деген тақырыппен берілді. «Ресми емес мәлімет көздерінің деректеріне сүйенсек, адам саудасының жылдық айналымы 32 миллиард доллардан асып түседі екен. Еңбек және сексуалды құлдықтың құрбанына жылына 12 миллионнан астам адам түсетін көрінеді», - деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар