Депутаттар Наурыз мейрамын спортпен атап өтпек
«ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісімен әңгіме барысында палатаның вице-спикері Сергей Дьяченко: «Наурыз - қазақстандықтардың сүйіп күтетін мерекелерінің бірі», деген жүрекжарды пікірін білдірді.
«Біз бұл мерекені тағатсыздана тосамыз. Ол өте маңызды күн, адамдар бұл мейрамда бір-бірін кешіріп, мейірбан бола түседі. Қазақстандықтарды Әз Наурызбен құттықтауға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Бақыт тілеймін барша халыққа!», - деді ол.
Халық қалаулысы мерекені отбасы және достарымен бірге қарсы алмақ. Оның айтуынша, депутат өз жанұясымен бірге спортпен шұғылдануды жоспарлауда.
«Бүгін бассейнге барамыз, соңынан міндетті түрде атқа мініп, серуенге шығамыз. Мүмкін шаңғы тебуім де ықтимал. Көктемге қарамастан, кеше мен шаңғы теуіп келген болатынмын», - дейді ол.
Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, мерекені отбасымен бірге қарсы алу қажет деп есептейтіндігін жеткізді.
«Біз жанұямызбен бірге жиналып, Наурыз көже жасаймыз. Қазақтың барлық салт-дәстүрлерін ұстанамыз. Бұдан соң спортпен шұғылданып, деннің саулығын күшейтуге мән береміз. Мен де бүгін бассейнге барып, атқа мініп қайтсам ба деп ойлаймын, бірақ шаңғыға бара алмайтын шығармын», - дейді Қ.Сұлтанов.
«Наурыз - жақсы дәстүрлердің мейрамы, бұл жылы қарым-қатынастар орнайтын кез. Барлық халық бір-біріне тек саулық пен жақсылық тілейтін мереке. Мен барлық отандастарыма денсаулық, бақ, дәулет тілеймін», - деп түйді сөзін мәжілісмен.