Депутаттар нормативтік актілердегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін қайшылықтарды жойды

АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті одан әрі нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымға дайындады,

Депутаттар нормативтік актілердегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін қайшылықтарды жойды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасын қарау барысында депутаттар сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасағаны үшін лауазымды адамдардың жауаптылығын бірқатар баптарға айыппұл санкцияларын көбейту және мүлкін тәркілеуді енгізу арқылы күшейтетін өзгерістер мен толықтырулар енгізді.Депутаттар нормативтік актілердегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін қайшылықтарды, оны реттеудегі олқылықтарды жою мақсатында еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне, сондай-ақ әкімшілік заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың нормаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.Бұдан басқа аталған заң жобасына Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауаптылықты қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның түзетулері енгізілді. Бұл заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында талқыға шығарылады.