Депутаттар осы аптада не істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай Сенат пен Мәжілістің осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттар осы аптада не істейді

Оның айтуынша, ертең, сәуірдің 11-і күні Парламент Сенатында әуе кеңістігін пайдалану және авиация мәселелері жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу жайы қаралады. "Дәл осы күні Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің "Қазақастан Республикасының кейбір заңналық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жөніндегі кеңейтілген отырысы өтеді деп жоспарлануда. Осы күні жоғары палатаның экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру мәселелері бойынша ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің басшылығымен кездесуі болады", - деп атап көрсетті Жұманбай.

Парламент Мәжілістің xалықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінде "ҚР Мемлекеттік қызметі туралы" заңның орындалу барысына арналған "дөңгелек үстел" өтеді. Қаржы және бюжет комитетінде мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесіне арналған отырыс ұйымдастырылады.

Ал сәуірдің 12-сі күні Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар көлік мәселелерін бірінші оқылымда қарайды. Екінші оқылымда қорғаныс, әскери қызмет, сондай-ақ өсімдік пен жануарлар әлеміне қатысты заң жобалары қаралатын болады. Сонымен қатар, палата Ислам конференциясына мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық, теxникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді қарайды.

Ал бейсенбі, сәуірдің 13-і күні Мәжілістің аграрлық комитетте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларға арналған заң жобасы таныстырылады.