Депутаттар Президент жариялаған бес реформаны жүзеге асыруға белсенді қатысады - Мәжіліс спикері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Депутаттық корпус Президент жариялаған бес реформаны жүзеге асыруға белсенді қатысады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов мәлім етті.

Депутаттар Президент жариялаған бес реформаны жүзеге асыруға белсенді қатысады - Мәжіліс спикері

«Кеше Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, онда Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бірінші кезекте атқаратын міндеттерін белгілеп, нақты тапсырмалар жүктеді. Ол комиссияның міндеті - жарияланған бес халықтық реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыруды басқару, осы бағыттағы мемлекеттік органдардың, бизнес секторы мен азаматтық қоғамның қызметтерін үйлестіру. Бұл бағыттағы жұмыстарға бірқатар депутаттар қатысатын болды, олар белсенді жұмыстар атқармақ», - деді Қ. Жақыпов.

Спикер бұдан бөлек, Ұлттық комиссия тарапынан ұсыныстар әзірленгенін, ондай ұсыныстар Президенттің мақұлдауынан өткеннен соң жарияланатынын жеткізді.