Депутаттар саны 120-дан 90-ға қысқарады: Қырғызстанда Конституцияның жаңа жобасы қаралуда

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші Конституцияның жаңа жобасын қарауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Депутаттар саны 120-дан 90-ға қысқарады: Қырғызстанда Конституцияның жаңа жобасы қаралуда


Бұған дейін бір топ депутат Негізгі заңның жаңа жобасын жасауды ұсынған болатын. Қоғамдық талқылау үшін заңгерлер, ғалымдар, өзге де салалар мен қоғам өкілдерінен тұратын конституциялық кеңес құрылды. Конституциялық кеңес мүшелері жаңа жобаны екі айдан аса қарап, Жогорку Кенешке қайта жолдады.

Конституцияның жаңа жобасының бұрынғыдан негізгі өзгешелігі - елді президенттік басқару үлгісіне көшіру туралы ұсыныс. Сондай-ақ депутаттар санын 120-дан 90-ға қысқарту ұсынылған.