Депутаттар теміртаулық металлургтермен футболдан жолдастық кездесу өткізді
СТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы «Алатау» спорт кешенінде Мәжіліс депутаттары мен Теміртау қаласынан келген Қазақстан Магниткасы ардагерлері арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Нәтижесінде теміртаулық металлургтер 6:3 есебімен жеңіске жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыдан жарты ғасыр бұрын Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеген, қазіргі Мәжіліс депутаты Сатыбалды Ибрагимов жуырда 70 жасқа толғалы отыр. Халық қалаулысы бір кезде өзі ойнаған теміртаулық команданы ойын алаңына бастап шықты.
Мәжіліс төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко теміртаулық жеңімпаздарға Палата депутаттары атынан және жанкүйерлердің ыстық ықыласын жеткізе келіп, парламенттік кубокты табыс етті.