Депутаттардың ұсынған заң жобасы сыбайлас жемқорлыққа елеулі соққы бермек

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша өз қорытындысын берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәжіліс депутаттары Еркін Рамазанов, Ержан Рахметов және Тито Сыздықов заң жобасына бастамашылық жасаған болатын. Аталған заң жобасы жер ресурстарын бөлу және оларды пайдалану мәселелерін зерделеу мақсатында 2008 жылғы сәуірдің 11-інде өткен «Нұр Отан» ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің екінші отырысының шешімін орындау мақсатында әзірленген.Парламентшілер жер телімдеріне құқық беру кезінде негізсіз артықшылық беру фактілері анықталғанын атап өткен. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының жер телімдерін беру кезінде өкілеттіктерін асыра пайдалануына, жер беру кезектілігінің бұзылуына жол берілгені жазылған. Осыған байланысты Жер кодексінің 48-бабында жер телімінің немесе жер телімін жалға беру құқығының сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) берілмейтін жағдайлардың толық тізбесін жазу ұсынылады. «Осы түзетулерді тез арада қабылдау сыбайлас жемқорлыққа елеулі соққы береді, оның жаңа көріністерінің орын алуына жол бермейді және ел азаматтарының қолдауы мен түсіністігін табады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкілхалықтық күреске партияның қосқан маңызы үлесі болып табылады деп есептейміз»,- деді заң жобасын әзірлеген Мәжіліс депутаттары.
Соңғы жаңалықтар