Депутаттарға құтқарушылардың әр түрлі құрал-жабдықтары мен өртке қарсы және суға түскенде киетін киімдері таныстырылды

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілісте өткен «Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»  тақырыбында Үкімет сағаты Мәжіліс фоесінде орнатылған көрмені ашудан басталды,

Депутаттарға құтқарушылардың әр түрлі құрал-жабдықтары мен өртке қарсы және суға түскенде киетін киімдері таныстырылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрменің ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған Палата депутаттары қатысты. Айта кету керек, көрмеде төтенше жағдай кезіндегі құтқарушылардың қызметі фотосуреттер мен мәліметтер көрініс тапқан. Құтқарушылардың әр түрлі құрал-жабдықтары мен өртке қарсы және суға түскенде киетін киімдері таныстырылды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко көрмеде орнатылған көріністерге орай түсінік берді.