Депутатты Тараз - Жетібай - Тегістік - Ойық бағытындағы автомобиль жолының күрделі жағдайы алаңдатады

АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Аманкелді Момышев ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновқа депутаттық сауал жолдады.

Депутатты Тараз - Жетібай - Тегістік - Ойық бағытындағы автомобиль жолының күрделі жағдайы алаңдатады

Парламентшінің депутаттық сауал жолдауына Жамбыл облысының Байзақ, Талас және Сарысу аудандарының бір топ мәслихат депутаттарының айтқан өтініші себеп болған. Депутатқа өтініш білдірушілер Жамбыл облысы жолдарының шешімін таппай отырған көптеген мәселелерді алға тартқан.

«Сайлаушыларды облыс санатына жататын Тараз - Жетібай - Тегістік - Ойық бағытындағы автомобиль жолының күрделі жағдайы алаңдатады. Бұл жол облыстың Байзақ, Талас, Сарысу аудандарын басып өтіп, Оңтүстік Қазақтан облысына шығады. Осы жолдың ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеуі себебінен жол тасымалдау қызметіне жарамсыз болып, үш аудан тұрғындарының облыс орталығына, көршілес аудандарға және Оңтүстік Қазақстан облысына қатынасуына қиыншылықтар туындатып отыр»,- деді депутат Аманкелді Момышев.

Депутат осы мәселенің уақтылы шешімін тауып, аталған автомобиль жолының ел игілігіне толықтай қызмет етуі үшін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2011 жылға 200,0 млн. теңге, 2012 жылға 385,1 млн. теңге республикалық бюджет есебінен Жамбыл облысының инвестициялық жобаларына сәйкес бөлу мүмкіндігін қарастыруын сұрады.