09:12, 21 Қазан 2012 | GMT +5
Депутаттың 1 млн. рублін ұрлап кетті
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат Ресей Мемлекеттік думасының депутаты "Единой России" партиясының мүшесі Борис Резниктің жазу үстелінде жатқан, конвертке салулы 1 млн. рублі қолды болды.
Резниктің айтуынша, ол ақшаны жұмыс кәртішкесінен алып, үйіне жиһаз алуға жаратпақ болған.
Ол «Единой России», фракциясына кіреді. Мемдуманың қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің, сондай-ақ депутаттардың кірісі бойынша мәліметтерді қадағалайтын комитеттің мүшесі.