Дербентте шабуыл нәтижесінде бір адам қаза тауып, 11 адам жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дербентте сынақ алаңына жиналған келушілерге белгісіз біреулер оқ жаудыртып, бір адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды.
None
None

ТАСС-қа Ресей Тергеу Комитетінің Дағыстан бойынша басқармасының ресми өкілі хабарлағандай, сәрсенбіге қараған түні Дербенттегі Нарын қала бекінісінің алдындағы сынақ алаңына жеке көліктерімен 20 шақты демалушы топ келген.

«Алаңға жақын орналасқан қарағай орманы жағынан белгісіз біреулер автоматты қарумен сынақ алаңының ішіндегі адамдарға оқ жаудыртқан, шабуылдаушылар бой тасалап үлгерген», - деп хабарлады РТК өкілі.

Атыс болған орында түрлі калибрлі 60-тан астам гильза табылды.

Интерфакстің хабарлауынша, қаза тапқан адам - шекара қызметінің әскери қызметшісі. Ал оның жараланған қызметтесі госпитальға жеткізілді.

Дағыстан денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес зардап шеккен төрт адамның барлығының жағдайы ауыр.

Соңғы жаңалықтар