Дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеуге бағытталған заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады. Енді құжат Парламент Сенатының қарауына жолданады.

Дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеуге бағытталған заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс

Заң жобасы бойынша дербес бiлiм беру ұйымдары негізінен пилоттық жобалар, эксперименттiк алаңдар болып табылады. Аталған жобаларды iске асыру барысында жинақталған тәжiрибе бiлiм беру жүйесiн дамытудың алдағы кезеңдерiнде пайдаланылмақ. Осыған байланысты, заң жобасының ережелерi дербес ұйымдардың қызметiн реттеуге ғана емес, орта және жоғары бiлiм беру жүйесiн одан әрi жетiлдiруге де бағытталып отыр.

Тұтастай алғанда, заң жобасы дербес білім беру ұйымдарының академиялық басқару жүйесін жетілдіруді және сапасын қамтамасыз етуді қарастыратын болады.

Бұған дейін, 27 мамырда бiрiншi және екiншi оқылымда мақұлданған заң жобасын үшiншi оқылымға әзірлеу барысында депутаттар бірқатар жазбаша ұсыныстар енгiзген. Бұл ұсыныстарды жұмыс тобы қабылдады.

Енді құжат Сенатта талқыланбақ.