Дербес деректер туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық қарастырылады

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда талқылады.
None
None

Құжатқа бірқатар өзгерістер енгізіліп, Мәжіліске қайтарылды.

Аталған құжат «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заң жобасына ілеспе құжат болып табылады. Бұл ретте, заң жобасымен қолданыстағы бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық енгізу ұсынылады. Бұдан бөлек, Еңбек кодексіне қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау бойынша жұмыс берушінің міндеттері белгіленеді. Сонымен бірге, жұмыс берушіде сақталатын дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қызметкердің құқықтары да қаралады. Сондай-ақ, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске пациенттердің дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуді көздейтін норма жаңа редакцияда ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар