13:32, 14 Қараша 2012 | GMT +5
Дербес деректерді өңдеу тәртібін бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік көзделеді
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Аталған құжат Мәжіліс мақұлдаған «Дербес деректер туралы» заң жобасына ілеспе жоба болып табылады. Бұл ретте заң жобасы бойынша дербес деректерді өңдеу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделеді. Бұдан бөлек, Еңбек кодексінде қызметкердің дербес деректерін өңдеу ұғымы оларды жинаумен, жүйелендірумен, жаңартумен, пайдаланумен және жоюмен толықтырылады.
Ал құжат бойынша Азаматтық кодекске енгізілетін түзетулерге сәйкес азамат өз есімі оның келісімінсіз пайдаланғанда бұған тыйым салынуын талап етуге құқылы бола алады.