Деректердің сапасын тексеретін дата-аудитор институты құрылуы мүмкін – Ұлттық бюро

Деректердің сапасын тексеретін дата-аудитор институты құрылуы мүмкін – Ұлттық бюро
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Ұлттық статистика бюросы инфляцияны есептеу үшін деректерді жинау және оның сапасын тексеретін дата-аудитор институтын құру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Kazinform. 

«Біз мемлекеттік органдардың 150 дерек базасының және 3 000 астам анықтамалық және классификаторлардың құрылымдарына талдау жасап, Smart Data Ukimet арқылы интеграциялау жұмыстарын жүргіздік. Тіркелімдер респонденттерге түсетін салмақты азайтуға септігін тигізеді», - деді Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Жаннат Дубирова Астанада өтіп жатқан «Demo day» іс-шарасы барысында.

Сондай-ақ іс-шара барысында «Ұлттық анықтамалық ақпарат» жобасының таныстырылымы өтті. Жоба әртүрлі азаматтық қоғам ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының анықтамалық деректерін құруға, құрылымдауға және басқаруға арналған кешенді жүйе.

Жоба анықтамалық деректерді құруды, әртүрлі ұйымдардың деректерін салыстыруды қамтамасыз етуді және ұзақ мерзімді сақтаудың қауіпсіз әрі сенімді жүйесін құруды қоса алғанда, көптеген міндеттерді шешуге бағытталған.

Сонымен қатар «Demo day» аясында бюро инфляцияны есептеу үшін деректерді жинаудың жаңа әдістері, сондай-ақ әкімшілік деректердің сапасын тексеретін дата-аудитор институтын құру туралы айтылды.

Соңғы жаңалықтар