Дерті меңдеген боксшы Мұхаммед Әли сөйлеуден қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Даңқты боксшы Мұхаммед Әли Паркинсон дертінің кесірінен өзі туралы түсірілген фильмнің тұсаукесеріне қатыса алмады, деп жазады Росбалт.
Оның інісі Рахманның хабарлауынша, М.Әли өте ауыр халде жатыр және сөйлей алмай жатқан көрінеді.
«Мен ағаммен оның сырқатына байланысты фильм жайлы сөйлесе алмадым. Оған сөйлеу ауыр тиеді. Бірақ ол біздің оны құрметтеп, жиылып жатқанымыз үшін риза», - дейді Рахман Әли.
Айта кетейік, ауыр салмақтағы чемпион туралы түсірілген "I am Ali" деректі фильмі 28 қарашадан бастап сатылымға шығады.