Десантшылар Ми-17 тікұшағынан парашютсіз түсуді орындады - ҚР ҚМ (ФОТО)
Оқу жаттығуын 120 десантшы орындады.
Десанттық-шабуылдау бригадасында айтқандай мұндай секірулер ұрыс алаңында десанттаудың, жүкті жеткізудің, қол жетпес жерден зардап шеккендерді көшірудің ең жылдам тәсілдерінің бірі болып табылады. Әуе кемесі, бұл жағдайда Ми-17 тікұшағы 10-15 метр биіктікке түсіріледі, шығарылған арқан арқылы әскери қызметшілер бірінен кейін бірі берілген аумаққа шоғырланады.
Мұндай түсуді орындау үшін жауынгерлердің дене даярлығы жақсы қалыпта болуы тиіс. Дәрменді қол мен білекті иық, өзінің денесіне толыққанды ие болу, моральдық және психологиялық әзірліксіз арқан бойынша шоғырлану мүмкін емес.
ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасында парашютсіз десанттау 2013 жылдан бастап іс жүзінде сәтті қолданылып жүр. Десантшылар арқанмен немесе парашютпен болсын аптасына бір рет секіреді. Әрбір жаттығуды жасамас бұрын психологиялық тест және секіру элементтерінің жерүсті пысықтауды тапсырады.
Арқан арқылы түсу қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым түрі жердегі желдің жылдамдығы 10 м/с дейін кезде дайындалған алаңда күндізгі уақытта, ал күрделісі орманды жерге, суға, мұзға, теңіз кемесі немесе қайығына, ғимарат шатырына, сондай-ақ түнде желдің жылдамдығы 10 м/с жоғары болған шақта құтқару керек-жарағымен орындалады.