Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатары 160 офицер мен сержантқа толықты

Олар Қазақстандағы және шет елдердегі әртүрлі әскери оқу орындарының түлектері.
Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты - лейтенанттар мен сержанттардың кәсіби деңгейін көтеру, қосымша білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров әскери қызметшілермен кездесіп, десанттық – шабуылдау әскерінің міндеттері туралы айтып берді. Жеке құраммен жұмыс кезіндегі негізгі бағытты ұсынды.
Алғашқы күннен бастап жас офицерлер мен сержанттарға жауынгерлік дайындық сабақтары өтіп жатыр.
« Мен бала кезімнен мен десантшы болуды армандадым. Енді міне арманым орындалды. Десантшы болу оңай емес, темірдей тәртіпке, бұйырыққа үйрену қажет. Мен барлық қиындықтарды жеңуге дайынмын», - деді Құрлық әскерлерінің Әскери институтының түлегі, лейтенант Райымбек Амангелді.