Десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшілері 290 шақырымды жүгіріп өтті (ФОТО)

Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлады.
Штаттық қару-жарақ, БТР-80А типіндегі он бірлік бронетранспортерларды тарта отырып, толық жауынгерлік жарақтанған әскери қызметшілер ара қашықтығы 290 шақырымды жүгіріп өтті.
Қазір роталық-тактикалық оқу-жаттығулар шеңберінде жауынгерлер полигонда бөлімшелерді, взводтарды, роталар мен барлық батальонды біртіндеп үйлестіре отырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу алгоритмін пысықтауда.
Батальон командирі майор Қаһарман Ушамовтың айтуынша, әскери қызметшілер жақсы даярлық деңгейін көрсетуде. Оның ішінде 18404 ә/б екінші десанттық-шабуылдау батальонының жеке құрамы арасында бронетранспортерды көздеушілерді атап өткен жөн. «Осы жыл ішінде олар өздерінің басқару дағдысын жақсартты, оқ атуда дәлдікке қол жеткізді. Оқу-жаттығуларда олардың біршамасы берілген нысаналарды бірінші оқ атудан жойды», - дейді батальон командирі.