Деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі жасаған

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
None

«Тексеру барысында, деструктивті діни ағымды ұстанатын 3 адам мешіт қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, діни қызметке кедергі жасағаны анықталды.

Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 2-бөлігімен «Заңды діни қызметке кедергі келтіру» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 120 750 теңгедан айыппұл салынды», - делінген полиция мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар