10:59, 23 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Deutsche Bank АҚШ әділет министрлігінің талабы бойынша $7,2 млрд айыппұл төлейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Deutsche Bank пен АҚШ әділет министрлігі құнды қағаздар нарығындағы қулық әрекет бойынша әділет министрлігінің талабына сәйкес $3,1 млрд айыппұл төлеу туралы бейбіт келісімге келді.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Одан бөлек, уағдаластық $4,1 млрд. көлемінде банктің америкалық клиенттерінің шығындарын өтеуді де қарастырады.
АҚШ реттеушілерінің пікірінше, Deutsche Bank өзге де ірі банктер секілді жаһандық қаржылық дағдарыста құнды қағаздар бойынша қауіп-қатерді бағалауды төмендеткен және соның қорытындысына сәйкес АҚШ үкіметімен тығыз байланыстағы Fannie Mae және Freddie Mac америкалық ипотекалық компанияларына сатқан.