Deutsche Bank қателесіп клиенттің шотына 6 млрд. доллар жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың маусымында Deutsche Bank AG валюталық бөлімшесі АҚШ-тағы хедж-қорының клиенттік шотына қателесіп 6 миллиард доллар жіберіп қойды. Бұл туралы жағдаймен таныс дереккөздерге сілтемемен Financial Times хабарлап отыр. Басылымның нақтылауынша, қате келесі күні түзетіліп, банк ақшаны қайтарып алды.

Deutsche Bank қателесіп клиенттің шотына 6 млрд. доллар жіберді

Қаражатты бастығы демалыста болған кезде қателесіп жіберіп қойған валюта сату бөлімінің кіші қызметкері, деп хабарлады FT-ға дереккөздер. Банк болған жайт туралы Ұлыбританияның қаржылық қадағалау басқармасына, Еуропалық орталық банкке және АҚШ-тың Федералдық қор жүйесіне хабарлады, деп нақтылады басылым.

Банк өкілдері түсініктеме беруден бас тартты, деп атап өтеді FT.