Девальвацияға бастайтын негіз көріп отырған жоқпыз – KASE басшысы теңге бағамы туралы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасының басқарма төрайымы Алина Алдамберген теңге бағамы қалай құбылуы мүмкін екені туралы пайымын айтты.

Девальвацияға бастайтын негіз көріп отырған жоқпыз – KASE басшысы теңге бағамы туралы
Фото: Kazinform/ Pixabay

«Маусым айында теңгенің долларға қатысты бағамы айтарлықтай өзгерді. 480-ге дейін барып, қазір 474-ке қарай түсті. Жалпы біздің сарапшылардың бағалауынша, девальвацияға бастайтын салмақты негіз көріп отырған жоқпыз. Тек техникалық нюанстар бар – алғашқы жарты жылдықта теңге бағамын қолдау үшін Ұлттық қордан айтарлықтай көп доллар сатылып кетті. Бұл жерде доллардың өзге де валюталарға қатысты бағамы қандай болғанына көп дүние байланысты. Мен Қазақстандағы жағдай айтарлықтай жағымды деп ойлаймын. Жалпы ішкі өніміміздің өсіміне байланысты болжамдар жоғары болып тұр. Бірінші және екінші жарты жылдықтарда ЖІӨ қалай қалыптасқанын көреміз», - деді ол.

Сондай-ақ ол теңгенің құбылуы инвестициялық тартымдылыққа қалай әсер ететіні туралы пікір білдірді. 

«Бұл жерде түрлі бағалау тәсілі бар. Біріншіден, теңгенің құлдырауы жүйелі құбылыс па, әлде бәсекеге байланысты төмендеді ме дегенді анықтап алу керек. Меніңше, іргелі факторлар сол күйінде қалып отыр. Теңге бағамы болуы керек деңгейден мығым болған шығар. Сондықтан белгілі бір құлдырау болды. Бір жағынан бұл құлдырау күрт орын алды деуге болады. Енді ғана қалыпқа түсіп жатыр. Ал жалпы Қазақстан экономикасының іргелі факторлары айтарлықтай жағымды. АҚШ-та, Еуропада ақша-несие саясаты қатаң күйінде қалғандықтан жалпы ішкі өнімнің өсімі төмендеп келеді. Осы қатаң ақша-несие саясатының әсерінен инфляция деңгейі түсіп, базалық мөлшерлеме қалпына қайтып келе жатыр. Бірақ сонымен бірге ЖІӨ төмендеп жатыр. Қазақстанда да былтырмен салыстырғанда ЖІӨ түсіп келеді. Біз бәрі бір ЖІӨ өсіп жатқан өңірдеміз. Сондықтан жалпы теңге бағамы жылдық болжамдар деңгейінде қалады деп ойлаймын», - деді Алина Алдамберген. 

Еске салсақ, бұған дейін маусым айында рубль-теңге саудасы екі есе артқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар