Дэвид Бекхэм баспасөз конференциясында тілшінің телефонына жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дэвид Бекхэмнің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында қызықты жағдай орын алды, деп хабарлайды Eurosport.ru.

Дэвид Бекхэм баспасөз конференциясында тілшінің телефонына жауап берді

Манчестердегі «Олд Траффорд» стадионында өткен Unicef қайырымдылық матчынан кейін Бекхэм тілшілердің сұрақтарына жауап беру үшін баспасөз конференциясына келді. Тілшілердің бірі ұялы телефонындағы диктофонды қосып, спортшының сөзін жазып алғанда, кенеттен оған біреу қоңырау шалды. Дэвид қасындағылардың рұқсатымен телефон тұтқасын алғанда, оған ешкім жауап бермеді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Айта кетейік, Англия мен Ирландияның біріккен командасы мен әлем құрамасының арасындағы қайырымдылық матчта британдықтар 3:1 есебімен ұтты. Дэвид Бекхэм онда 75-ші минутқа дейін ойнап, одан кейін алаңдағы орнын ұлы Бруклинге берді.